Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Әділбек Мусин елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Әділбек Мусин елге оралды

03.10.2023

XIX жазғы Азия ойындарында ел қоржынына екі бірдей қола жүлде салған қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин елге оралды. Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалынан спортшының туыстары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды.

Отандасымыз бірінші жүлдесін 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысында иеленсе, екінші қоланы дәл осы әдіс бойынша 50 метр қашықтықта жеңіп алды. Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері бұл жеңісін отбасына арнайтынын жеткізді. Спортшы екі апта демалған соң алдағы жарыстарға дайындықты бастаймын дейді. Сондай-ақ Әділбек сары құрлық додасында қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын айтты.

Әділбек Мусин, Азия ойындарының қола жүлдегері:

Әрине, жарысымыз жақсы болды. Өте жоғары деңгейде өтті. Қытай мемлекеті өте қуантты. Бәрі жақсы болды. Оңай болған жоқ, Қытай, Жапон спортшылары ең мықты спортшыларын әкеліп, сол жерде жарысып, қола медальға ие болдық. Енді үйге келіп, сәл демалып, қайтадан жаттығуға кірісеміз.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу