Немичтер Олимпиада жолдамасын ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Немичтер Олимпиада жолдамасын ұтып алды

17.03.2016
Немичтер Олимпиада жолдамасын ұтып алды
Жерлестеріміз бұған дейін Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарының жүлдегерлері атанған болатын.

Қазақстан қоржыны тағы бір Олимпиада жолдамасымен толықты. Бұл жолы үйлесімді жүзу шеберлері ерледі. Жазғы Олимпиада ойындарының астанасы Рио-де-Жанейрода өткен іріктеу жарысында отандастарымыз, апалы-сіңілілі Александра мен Екатерина Немичтер Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін лицензияны жеңіп алды.

Жадыңызға салайық, жерлестеріміз бұған дейін Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарының жүлдегерлері атанған болатын.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу