Орталық Азияда алғаш болып өте жоғары жылдамдықтағы телескоп Алматыда орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азияда алғаш болып өте жоғары жылдамдықтағы телескоп Алматыда орнатылады

07.08.2017

Бүгін Назарбаев Университетінде өткен «Энергетикалық ғарыш зертханасының бірінші конференциясында» осы ақпарат жария болды. Шараға әлемнің 8 елінен Нобель сыйлығының лауреаттары қатысты. Олар Қазақстанның ғарышты игеру саласындағы мүмкіндіктерін саралады. Жалпы, біздің ел ғарышты жетік меңгерген елдердің қатарында. Бұл сөзді адам баласын алғаш аспанға ұшырған Байқоңырдың болуы қуаттайды. Әрі ғарыштық жоғары технологияның тілін түсінетін тәжірибелі мамандардың да орны бөлек. Қазіргі таңда, орбитада Қазақстандікі деген атпен 4 жерсерік қалықтап жүр. Бір емес 3 бірдей қазақ ғарышқа ұшты.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу