Нобель сыйлығының лауреаттары кеңес берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нобель сыйлығының лауреаттары кеңес берді

20.06.2017

Қазақстан «жасыл» энергия көздеріне көшу жолында көп іс тындырды. Назарбаев орталығында өткен кездесу кезінде Нобель сыйлығының иегері Ражендра Кумар Пачаури осылай деді. Шараға отандық жас ғалымдар мен энергетика саласының мамандары қатысты.

Қатысушылар «ЭКСПО» көрмесінің тақырыбы әлемді баламалы қуат көздерін тұтынуға шақыратынына ерекше тоқталды. Астанадағы айрықша жобалардың бірі  - «Astana Solar» зауыты. Авторы - Нұрсұлтан Назарбаев. Күн көзінен қуат өндіретін өнім шығару туралы тың идея 2010 жылы пайда болған.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу