Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия ойындарында 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі
Абиба күміс, Мағжан қола. Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия ойындарын жемісті бастады. Кеше Ханчжоу төріндегі татамиге төрт спортшымыз шықты. 48 келі салмақта күрескен Абиба Абужақынова тарихи жетістікті қайталап, Азиада күмісін жеңіп алды. Мұндай нәтиже әйелдер құрамасында 1998 жылдан бері болмаған. Бұл - Абибаның жарақаттан кейінгі алғашқы турнирі.
Сонымен қатар Мағжан Шамшадин олжалы болды. 60 келіде белдескен балуан қола медальді қанжығаға байлады. Жартылай финалда Мағжан оңтүстік кореялық спортшыға жол бергенімен, қола үшін таласта тәжік атлетінен басым түсті.
XIX Азия ойындарының жарысы бүгін де жалғасады. Спорттың 11 түрі бойынша 38 медаль сарапқа салынады.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстанда Қазақстан медицинасының онкүндігі өтті
24.10.2025, 11:22
Алматыда «Япурай» гала-хор спектаклінің тұсаукесері өтті
24.10.2025, 09:59
СҚО-да кәсіпкер туған ауылына балбақша мен мәдениет үйін салып берді
24.10.2025, 09:57
Алматыда жауапсыз мердігерлердің «қара тізімі» құрылуы мүмкін
24.10.2025, 09:56
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин келесі аптада Оңтүстік Кореяда кездеседі
24.10.2025, 09:54
Еуропа одағы Украинаны алдағы екі жылда қаржылай қолдауға келісті
24.10.2025, 09:53
Жасанды интеллект алаяқтардың жаңа құралына айналды
24.10.2025, 09:52
Ақтөбе облысындағы жол апатына байланысты Үкіметтік комиссия мүшелеріне нақты тапсырмалар берілді
24.10.2025, 09:50