Министр: Мақсатымыз – Джакартадағы Азиада нәтижесін жақсарту
Мақсатымыз – Джакартадағы Азиада нәтижесін жақсарту. Қытайдағы Азия ойындарының ашылу салтанатында спортшылармен кездескен Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев осылай деді. Ведомства басшысы Қазақстан құрамасы тұрып жатқан қалашыққа барып, отандастарымызға сәттілік тіледі. Сондай-ақ министр спортшыларымызды орналастыруға, тамақтануға, логистикаға және басқа да маңызды мәселелерге жауапты жедел штабтың жұмысымен танысты. Штаб қызметкерлері жұмыс қалай жүріп жатқанын айтып, нәтижелері туралы есеп берді. Орталық Қазақстан құрамасына тәулік бойы қызмет көрсетеді.
Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі:
Команданың барлығы жарысқа келді. Бізге Қазақстан атынан жарысқа қатысатын спортшылардың жаттығу жабдықтары мен алаңдарына толық қол жеткізуі, жайлы тұруы, демалуы және жарыстарға еш уайымсыз дайындалуына жағдай жасау өте маңызды. Біз бәріміз - Қазақстан құрамасымыз, сондықтан бірігіп, алдымызда тұрған мақсат - Джакартадағы Азиада нәтижесін жақсартуға барлық күш-жігерімізді салуымыз керек.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58