Мароккодағы зілзаладан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мароккодағы зілзаладан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

09.09.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мароккодағы жер сілкінісінен жүздеген адамның көз жұмуына байланысты король Мұхаммед Төртіншіге көңіл айтып, жеделхат жолдады. Онда «Орны толмас қазаның қайғысымен бөлісе отырып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сіз бен бүкіл Марокко халқына көңіл айтамын», - деп жазылған.

Бұл елде қуаты 6,8 баллдық зілзала болды. Соңғы мәліметке қарағанда, 820 адам қаза тапқан. АҚШ геологиялық зерттеу қызметінің мәліметінше, дүмпу ошағы Мараккеш қаласынан 70 шақырымдай жерде анықталды. Ондаған ғимарат қирап, жүздеген тұрғын жараланған. Айта кетейік, зілзаладан көз жұмғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу