СІМ:Түркиядағы жер сілкінісінде жоғалған қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ:Түркиядағы жер сілкінісінде жоғалған қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ

20.02.2023

Түркиядағы зілзаладан соң із-түзсіз жоғалған қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Дипломаттар жергілікті билікпен байланыста және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімін мұқият тексеріп келеді. Ал жер сілкінісі кезінде Хатай өлкесінің Антакья қаласындағы үйінді астынан құтқарылған отандасымыз Сабина Мамадьярованың жағдайы қалыпты. Қолына операция жасалған ол әлі де ауруханада жатыр, дәрігерлердің бақылауында. Апат аймағында тұратын 1200-дей қазақстандық министрлікке өтініш жазған. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде дүмпу болған жерлерден 200-ге жуық отандасымыз Анкара мен Ыстанбұлға жіберілген. Қауіпсіз жерге орналастыру үшін консулдықтан автобустар ұйымдастырылды.


Асылбек Данияр 

Хабарламаларға жазылу