Түркиядағы жер сілкінісі: Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядағы жер сілкінісі: Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

08.02.2023

Түркиядағы апаттан соң екі тәуліктен аса уақыт өтті. Жер сілкінген облыстарда құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Осынша уақыт өтсе де үйінділер астынан бірнеше адам құтқарылған.

 Айдос Әшімұлы тілші:
Үйінді астында қалған мыңдаған адамды құтқару үміті азая бастады. Дегенмен әлі де сүйінші хабарлар келіп жатыр. Жаңа ғана жеткен ақпаратқа сай Кахраманмарашта 61 жастағы ер адам үйінді астынан шығарылған. Құтқарушыларға көмектесіп жүрген 47 жастағы экскаватор жүргізушісі қирандылар арасынан әкесінің дауысын естіп, оны алып шығуға өзі де атсалысқан. 14 сағатқа созылған құтқару операциясынан кейін Салман Айдемир есімді азамат аман-есен шығарылды. Әрбір сәт қымбат болғандықтан, алпыс мыңнан аса құтқарушы күн-түн демей жұмыс істеп жатыр.

Зілзаладан зардап шеккендерге барлық азаматтар қолдарынан келген көмекті жасап жатыр. Түркияда тұратын қазақстандықтар да одан қалыс қалған жоқ. Кеше осында оқитын студенттер мен кәсіпкер азаматтар бірлесіп, апат аймағындағыларға бір жүк көлігі толы азық-түлік жіберді. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 5894 адамға жетті. Жаралылар 35 мыңға жуық.


Хабарламаларға жазылу