Отбасы күні қарсаңында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасы күні қарсаңында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды

08.09.2023

Отбасы күні қарсаңында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Отбасы құндылықтарын дәріптейтін ауқымды сайысқа биыл 10 жыл. Сол уақыт аралығында елдің барлық өңірінен 20 мыңнан астам шаңырақ бақ сынаған. Салтанатты шараға қатысқан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жеңімпаз 20 отбасыны құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Әр жанұяға арнайы сыйлақтар мен 1 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын! Бұл төл құндылықтарымызды дәріптеп,ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға жаңа жол ашатын маңызды жоба. Мемлекет отбасы институтын дамытуға, ана мен бала өмірін қорғауға әрдайым айырықша назар аударады. Осы бағытта ауқымды істер атқарылып жатыр. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Баршаңызға зор денсаулық, бақ береке тілеймін. 

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан конкурсқа биыл республика бойынша 3 жарым мың жанұя қатысқан. Олардың 40 пайызы қалада тұрса, қалған 60 пайызы ауылда түтін түтетіп отыр. Барлығы кәсіппен айналысатын еңбек әулеттері. Ұстаздар, қолөнершілер, металлургтер, әскери қызметшілер, кәсіпкерлер мен агроөнеркәсіп саласының мамандары. Ұлытау облысынан келген Доспановтар әулеті – металлургтер отбасы. Жанұяның өндірістегі жалпы еңбек өтілі 400 жылдан асады.

Абдрашит Доспанов, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты:

Отбасымызда он бір бала: 6 ұл, бес қыз. Соның алтауы істеген қазір екеуі зейнетке шыққан. Төртеуміз жұмыс істеп жүрміз. Жезқазғандағы мыс қорыту зауытында жұмыс істейміз әр салада. Жезқазған қаласындағы турдан өттік, сосын облыстық кезеңнен өттік. Отыз шақты отбасы қатысқан. Оның арасынан үздік болып республикаға шығып отырмыз.


Хабарламаларға жазылу