Кеше қазақстандық «Астана» және «Тобыл» командалары футболдан Конференция лигасы плей-офф сатысында алғашқы ойындарын өткізді. Елордалық «Астана» өз алаңында Албанияның «Партизани» командасын қабылдады. Кездесу барысында қазақстандық команда басым болды. Ойынның 41-минутта елордалық клубтан Степан Лончар гол салды.
Екінші кезеңде төреші ойыннан тыс қалды деген себеппен «Астананың» үш голын есепке алған жоқ. Нәтижесінде «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Ал Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Чехияның «Виктория Пльзень» командасынан 1:2 есебімен есе жіберді. Алда қазақстандық қос клуб сырт алаңда қарымта кездесу өткізеді.
Азамат Бейбітұлы