«Атлетик» «Барселона» командасын жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атлетик» «Барселона» командасын жеңді

06.01.2017
Футболдан Испания Кубогының 8/1 финалы аясында Бильбао қаласының «Атлетик» клубы өз алаңында «Барселона» ұжымымен кездесті.

Тартысты кездесудің І таймында алаң иелері қарсылас команданың қақпасына екі рет гол соғып, алға шықты. Голдың авторлары - Ариц Адурис пен Иньяки Уильямс.

Ал, ІІ таймда «Барселона» сапынан Лионель Месси есеп айырмасын бір голға қысқартты. Осыдан кейін, «Атлетико» командасының екі ойыншысы «қызыл қағаз» алып, алаңнан қуылды. Алайда, бұл мүмкіндікті «Барселона» сәтті пайдалана алмай, 2:1 есебімен алаң иелеріне жол берді.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу