Банкке берешегі барлар бәс тіге алмауы мүмкін – депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банкке берешегі барлар бәс тіге алмауы мүмкін – депутат

25.08.2023

Банкке берешегі бар адамдар бәс тіге алмауы мүмкін. Осылай деген Мәжіліс депутаттары құмар ойындарға тосқауыл қою мақсатында тиісті заңға өзгеріс енгізу мәселесі қаралып жатқанын айтты.

Онлайн ойын, букмекерлік кеңселер мен казинолардың табысы күн сайын өсіп, соңғы бір жылдағы ішкі айналымы 1 трлн теңгеден асқан. Тиісінше құмар ойынға шырмалғандар саны да артып барады. Сондықтан, қыркүйекте заңдарға өзгеріс енгізу тетіктері қаралмақ. Статистикаға сүйенсек, елімізде әрбір бесінші жас құмар ойынның құрығына ілінген. Яғни, 18 бен 25 жас аралығындағы азаматтардың саны 5 миллионға жуық болса, олардың 1 миллиондайы лудоманияға шалдыққан.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының жетекшісі:

Ойнататын, болмаса жарнамалайтын азаматтар болатын болса, оларға қылмыстық, әкімшілік кодекстен тыйымдар салу, болмаса қудалау, арнайы баптар енгізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар қарызы бар, берешегі бар, яғни банктерге қарызы бар азаматтар 100 пайыз оларға бәс тігуге, букмекерлік кеңселерде, казиноларда ойнауға шектеу қоямыз.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу