Биыл үшінші рет Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл үшінші рет Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады

16.08.2023

Қыркүйектің бірінен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады. Биыл үшінші рет өтетін сайысқа нақты салалық мамандар іріктелмек. Ол инфрақұрылым, агроөнеркәсіп, экономика және басқа да салалар. Бұған дейін өткен іріктеулерде 350 адам резервке алынған. 75 пайызы жұмысқа орналасқан. Үміткерлерге қойылатын талап қарапайым. Қазақстан азаматы, жасы 35-тен аспаған, 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар және қазақ тілі деңгейі В1-ден төмен емес болуы керек. Ал іріктеу 6 кезеңнен тұрады.

Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Агенттік қазіргі таңда толыққанды HR институт болуға бағытталып жұмыстарын жасап жатыр. Соған байланысты біз әлемдік деңгейдегі барлық HR құралдарды пайдаланамыз. Яғни адами ресурстармен жұмыс жасау құралдары өте көп. Бұның бір ерекшелігі рекортинг саласында кеңінен қолданылады. Бұл өзімізге берілген мамандарды анықтау үшін.

Елдос Есенбол

Хабарламаларға жазылу