Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды

02.09.2019
Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадрлық резервіне өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды. Онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы.

Үміткер сайттың басты бетінде Президенттік жастар кадрлық резервінің іріктеуіне қатысты мағлұматты инфографика арқылы біле алады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты мен іріктеу кезеңдері жазылған.

Тіркеу тәртібі барынша жеңілдетілген. Үміткерге міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін, аты-жөнін, тегін, ЖСН, іріктеу кезеңдерінен өтуге қолайлы тілді таңдап өзінің ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.

Сонымен қатар, ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келісіммен танысып, тиісті талаптарды қабылдауы керек.

Талаптарды қабылдамайынша үміткер Президенттік жастар кадрлық резервіне қатыса алмайды.

Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысу үшін үміткерлер pkrezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

Хабарламаларға жазылу