Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің 3-ші кезеңі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің 3-ші кезеңі басталады

14.08.2023

1 қыркүйекте президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің 3-ші кезеңі басталады. Өтініштерді қабылдау 30 қыркүйекке дейін pkrezerv.gov.kz сайтында қабылданады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі мен 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін білетін Қазақстан азаматы қатыса алады. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады.

Жеңімпаздар желтоқсанда жарияланады. Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін кандидаттарды бағалау нәтижелері олардың жеке кабинетінде және кезең қорытындысы бойынша сайтта жарияланады. Барлық азаматтар үшін қатысушылар туралы ақпарат қолжетімді болады.

Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Арнайы экспорттық комиссия келеді. Ол жерде біздің қоғам белсенділері, сарапшыларымыз болады. Әр мамандық бойынша сарапшылар келеді. Сонымен қатар, тағы бір ерекшелігі осы жолы біз мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын шақырып отырмыз. Өздері қатысып, арнайы қарап, арнайы бағалап өздеріне қажетті мамандарды іріктеу үшін.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу