«Әл Хилал» футбол клубы Л.Мессиге жылына 500 млн еуро төлеуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әл Хилал» футбол клубы Л.Мессиге жылына 500 млн еуро төлеуге дайын

19.05.2023

Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» футбол клубы «ПСЖ» шабуылшысы Лионель Мессиді сапына қосуға әлі де тырысып жатыр. Испанияның спорт басылымы осындай ақпарат таратты. Клуб бұл жолы Мессиге ұсынған ақысын тағы өсірді. Футболшыға бір маусым үшін 500 миллион еуро төлеуге дайын. Бұл футбол тарихындағы ең қымбат келісімшарт болуы мүмкін. Дегенмен Лео испаниялық «Барселонаға» да оралуы ықтимал деген де қауесет бар.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу