Қазақстандық музыканттар аустриялықтарды тамсантты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық музыканттар аустриялықтарды тамсантты

08.08.2023

Қазақстандық музыканттар Аустриядағы фольклорлық фестивальда ерекше қошеметке бөленді. Еліміздің Аустриядағы елшілігінің қолдауымен мәдени шараға Жамбыл облыстық филармониясының «Алатау» фольклорлық ансамблі қатысты. Жерлестеріміз «Ұлттық киімдер» шеруіне шығып, мәдени мұрамызды көпшілікке таныстырды. Музыканттар домбыра, қобыз, жетіген, сазсырнаймен ұлттық ән-күйді, Абайдың шығармаларын құйқылжыта орындады. Қазақстандық өнерпаздардың таланты, көздің жауын алатын ұлттық киімдер шетелдіктерді тәнтті етті.

Андреа Романо, көрермен:

Фестивальға отбасымызбен Италиядан келдік. Бізді бәрінен қазақстандық ұжымның шеберлігі таң қалдырды. Сиқырлы кеш үшін өнерпаздарға алғысым шексіз.


Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу