Лондонда қазақстандық музыканттар туралы деректі фильмнің таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда қазақстандық музыканттар туралы деректі фильмнің таныстырылымы өтті

28.03.2023

Лондонда әлемге әйгілі апалы-сіңлілі Нақыпбековалар туралы деректі фильмнің тұсаукесері болып өтті. Көркем туынды классикалық өнердің қас шеберлері, қазақтың музыкант қыздарының тағдыры туралы сыр шертеді. Эльвира, Элеонора және Альфия Нақыпбековалар - әлемдегі ең үздік фортепианолық триолардың бірі. Олар Советтік Қазақстанда, Қарағандыда туылып, музыкалық білім алған. Мәскеуде консерваторияда оқып, халықаралық байқауларда үздік деп танылған. Шығармашылық еркіндік аңсаған үш қыз батысты бағындыру үшін елден кетіп қалады. Сексенінші жылдардың соңында Лондонда бастары бірігеді. Бүгінде шетелде «Бековалар триосы» деген атпен танымал. Фильмде виртуоздардың осы өмір жолы туралы баяндалады.

Альфия Нақыпбекова, музыкант:

Адамдардың өмірін қысқа деректі фильмде көрсету және өткен тарихқа терең үңіле білу өте қиын. Бұл тұрғыда туынды сәтті шықты деп ойлаймын. Режиссер мен шығармашылық топтың еңбегі орасан.

Берлин Иришев, «Бековалар: еркіндікке жол» деректі фильмнің продюсері:

Енді өмір деген ұзақ емес қой. Біраз жасқа келіп жатырмыз бәріміз де. Мұны тарихқа кіргізу үшін, ертең өкініп қалмау үшін бұны бүгін емес ертең бәріміз бағалаймыз. Сондай оймен осы фильмді құрдық.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу