Павлодар қаласында бірден 24 көшенің аты өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласында бірден 24 көшенің аты өзгереді

03.08.2023

Павлодар қаласында бірден 24 көшенің аты өзгеретін болды. Олардың бәрі ұлтымыздан шыққан батыр, би, ғалым және аймақтың дамуына ерекше үлес қосқан әр саланың танымал тұлғалары. Көше атаулары өңірдің, мемлекеттің тарихымен байланысты болып өзгеруіне қоғамдық тыңдауға келген көпшіліктің арасынан бірде-бір адам қарсы болған жоқ. Ұсыныс, тілектерді ғана жеткізді.

Ерлан Рахимов, қала тұрғыны:

Тәуелсіздік деген ұғым ол енді қазақтың ұғымында оған шек жоқ жетер. Үлкен қасиетті ұғым. Сол көшенің аты қайтадан оралса екен деймін.

Ел Тәуелсіздігін алғалы Павлодар қаласындағы көшелердің 30 пайызы ғана өзгерді. Басқасы кеңестік кезеңдегі атымен қала берді. Тағы бір мәселе, қаланың қақ ортасындағы негізгі көшелерді өзгерту кейінге шегеріле береді.

Айбек Есімбай, қала тұрғыны:

Маған бүгінгі мына жиналыста ұнамағаны біздің атақты тұлғаларға, батырларға, ел танитын батырларға мынандай кішкентай-кішкентай көшелерді беріп отыр. Анау Сұлтан Бейбарыс. Египетті билеген адам. Біз оған 2-ші Павлодарда Сибирская деген мынандай бір шолақ көшені береді екенбіз. Ол дұрыс емес. Мына Қабанбай, Бөгенбай батырларға да тым кішкентай көшелерді беріп отыр.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу