Павлодарда бірден 17 көшенің аты өзгеретін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда бірден 17 көшенің аты өзгеретін болды

14.06.2022

Павлодарда бірден 17 көшенің аты өзгеретін болды. Негізі қалалық мәслихат өткен жылы 30 көшенің атын елімізге танымал тұлғалардың есімімен алмастыру жөнінде шешім қабылдап, оны республикалық ономостикалық комиссия қарауына жіберген болатын. Бірақ мораторий жарияланғандықтан бұл жұмыс кешеуілдеп қалды. Ал жақында ономостикалық комиссия тек 17 көшенің атын өзгертуді бекіткені жария етілді. Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері жөніндегі басқарма бұл мақсатқа қаржы бюджеттен емес, демеушілердің көмегімен жүзеге асатынын мәлімдеді.

Авторы: Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу