Шетелдіктер енді жеке сәйкестендіру нөмірін екінші деңгейлі банктер арқылы ала алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдіктер енді жеке сәйкестендіру нөмірін екінші деңгейлі банктер арқылы ала алмайды

20.07.2023

Шетелдіктер енді жеке сәйкестендіру нөмірін екінші деңгейлі банктер арқылы ала алмайды. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин депутаттық сауалға жауап беру кезінде мәлімдеді. Оның сөзінше, қызметтің бұл түрі былтыр ресейліктер Қазақстанға жаппай келген кезде көрсетіле бастаған. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында адам саны көбейген соң, ЖСН-ді онлайн беру туралы шешім қабылдауға тура келіпті. Алайда, құжаттарды қабылдау кезінде талаптарды бұзу жағдайлары тіркелмеді дейді министр. Бұған дейін бір топ депутат шетел азаматтары жеке сәйкестендіру нөмірін Қазақстан аумағына кірмей-ақ, ақылы түрде ала алатынын айтқан.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу