Шетел азаматтары елімізден жеке сәйкестендіру нөмірін онлайн ала алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетел азаматтары елімізден жеке сәйкестендіру нөмірін онлайн ала алмайды

27.05.2022

Шетел азаматтары елімізден жеке сәйкестендіру нөмірін онлайн ала алмайды. Егов порталында бұл қызмет қазанға дейін қол жетімсіз болақ. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша шетелдіктер ЖСН-ды халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп алуы тиіс. Жыл басынан бері еліміздің ЖСН-і 90 мыңнан астам шетелдікке берілген. Оның 36 мыңы ресейлік. Сәйкестендіру нөмірі оларға банктен шот ашқанда, жұмысқа тұрып, автокөлік сатып алатын кезде қажет. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу