Елімізде грант конкурсына 65 мың өтініш түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде грант конкурсына 65 мың өтініш түсті

18.07.2023

Грант конкурсына өтініштер қабылдау басталғаннан бері талапкерлерден 65 мың өтініш түсті. Оның 25 мыңы алматылық жоғары оқу орындарына тапсырылған. Астанадағы білім ошақтарына 12 мың өтініш қабылданса, 3,5 мың азамат Қарағанды облысының университеттерінде оқуға ниет білдірген.

Талапкерлердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» мамандықтарына таңдау жасаған. Білім беру бағдарламалары арасында «Ақпараттық технологиялар», «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» және «Медицина» мамандықтарына ең көп өтініш түскен. Еске сала кетейік, грант конкурсына өтініш қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. 


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу