Білім беру гранттарының конкурсына өтініш қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім беру гранттарының конкурсына өтініш қабылдау басталды

13.07.2023

Бүгін жоғары оқу орындарында білім гранттарының конкурсына өтініш қабылдау басталды. Науқан 20-шілдеге дейін жүреді. Ғылым және жоғары білім министрі қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты. Талапкерлер құжатын жоғары оқу орындарына келіп, офлайн тапсыра алады. Сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығының веб-сайты, еGov порталы, оқу орнының виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы да құжаттар қабылданады. Науқанға ең білікті мамандар тартылған. Түрлі кеңес беретін колл-орталықтар да жұмыс істейді.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Биыл 88 мың грант бөлінді мемлекеттік тапсырыс аясында. Олардың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген. Жыл сайын біз 5 мың грантқа ұлғайтып отырмыз. Арнайы батыс екі аймаққа, бұл Президенттің тапсырмасы, Атырау және Маңғыстау өңіріне арнайы 5 мың грант беріліп отыр.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу