Биыл 94 мың талапкер гранттан үмітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 94 мың талапкер гранттан үмітті

26.07.2023

Биыл 94 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Ғылым және жоғары білім министрінің мәліметінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 процентке көп. Ал ең көп таңдалған қала – Алматы. 38 мың жас студенттік шағын өткізу үшін оңтүстік астананы таңдаған. Елорданың оқу орындарында оқу үшін 18 мың өтініш қабылданса, 6 мың адам Шымкент қаласының университеттерінде оқуға ниет білдірген.

Өтініштердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарды таңдаған. Ал бір гранттық орынға ең үлкен конкурс тіс дәрігері, дипломат, заңгер және мұғалім мамандықтары бойынша жүреді. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамыздан кейін жарияланбақ. 


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу