Мемлекеттік қызметтерді үйден алушылар тізімі толықтырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметтерді үйден алушылар тізімі толықтырылды

03.09.2020

Елімізде мемлекеттік қызметтерді үйден алушылар тізімі толықтырылды. Бұрын Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарын І-ІІ топтағы мүгедектер мен ІІ Дүниежүзілік соғыстың ардагерлері ғана шақыртатын. Енді 65 жастан асқан азаматтар да мемлекеттік қызметтерді үйден ала алады. Бұл жаңашылдық елде шектеу шарасының енгізілуіне байланысты болып отыр. 

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы 7 айда «Азаматтарға арналған үкімет» ұйымы үйлерде 22 мың мемлекеттік қызмет көрсеткен. Мемлекеттік корпорация қызметкерін шақырту үшін 1414 бірыңғай жүйесіне хабарласып, өтініш қалдыру қажет. Өтініш 7 күн ішінде қаралады.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу