АҚШ-та алапат тасқын жүрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та алапат тасқын жүрді

11.07.2023

АҚШ-та алапат тасқын жүрді. Табиғи апат елдің солтүстік-шығысын жайлаған. Бір адам қаза тапты. Дамылсыз нөсер жауын жауып, өзендер арнасынан асқан. Құтқарушылар қайықпен жүрген бірнеше адамды аман-есен қауіпсіз жерге шығарды. Жолдарды су басқан. Тасқын әсіресе Вермонт және Нью-Йорк штаттарына орасан шығын әкелді. Табиғи апат 13 миллиондай тұрғынға қауіп төндіріп тұр. Үздіксіз нөсердің әлі де жауатыны халыққа ескертілген. Оның үстіне өңірде қатты жел тұрды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты мыңнан астам ұшақ рейсі кейінге қалдырылған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу