Бангладештегі тасқыннан миллиондаған адамға қауіп төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладештегі тасқыннан миллиондаған адамға қауіп төніп тұр

18.06.2022

Бангладештің солтүстік-шығыс бөлігінде толассыз жауыннан тасқын жүрді. Табиғи апат миллиондаған тұрғынға әсер етіп отыр.

«Рейтердің» хабарлауынша, лай көшкіні жүріп, 4 адам қаза тапқан. Билік құрбандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін деп алаңдап отыр.

Құтқару жұмыстары жалғасуда. Жағдай әлі де қиындай түсуі мүмкін. Мұндай алапат тасқын елде 2004 жылдан бері болмаған.


Хабарламаларға жазылу