Кенияда су тасқынынан 40-қа жуық адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенияда су тасқынынан 40-қа жуық адам қаза тапты

24.04.2024

Кенияда толассыз жауған жаңбырдан кейін алапат тасқын жүрді. 38 адам қаза тапқан. 11 мыңнан астам тұрғын үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Ғимараттар, жолдар қираған. Су тасқынынан елдің бірқатар өңірі орасан зардап шекті. Ал кениялық синоптиктердің дерегінше, алдағы апталарда тағы нөсер жауын жауып, тасқын жүруі ықтимал. Сол себепті тұрғындарға қауіпті аудандардан кету туралы кеңес берілді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу