Лэмпард рекорд орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лэмпард рекорд орнатты

22.09.2014
Лэмпард рекорд орнатты

«Манчестер Сити» командасының жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпард Ағылшын  Премьер-лигасында 39-шы қарсылас командасының қақпасына гол соғып, рекорд орнатты.

Фрэнк Лэмпард «Манчестер Сити» мен «Челси» құрамаларының кездесуінде, қарсылас командаға 1 гол соғып, есепті теңестірген болатын. Бұл - оның өз карьерасында 39-шы қарсылас командаға гол соғуы.

Осылайша, ол «Манчестер Юнайтед» пен «Ньюкаслдың» экс-ойыншысы Энди Коулды басып озып, рекорд орнатты.

 

Фото: dynamo.kiev.ua

Хабарламаларға жазылу