Түркістан облысының тұрғыны қошқар көтеріп, жаңа рекорд орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының тұрғыны қошқар көтеріп, жаңа рекорд орнатты

30.05.2023

Жаңа рекорд! Түркістан облысында арыстық тұрғын қошқар көтеруден елімізде жаңа рекорд орнатты.

Азамат Мақұлбеков салмағы 40 келі болатын қошқарды 3 555 рет көтеріп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. 5 сағат 26 минут бойы білек күшін көрсеткен 37 жастағы азамат құрылыс саласында еңбек етеді. Спорттың бірнеше түрімен айналысады. Рекорд жаңартқан ол енді әлемдік деңгейдегі сайыстарда бақ сынамақ.

Айнұр Әбілқасымқызы 

Хабарламаларға жазылу