Жаңа туған нәрестеге енді ЖСН перзентханада бірден беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа туған нәрестеге енді ЖСН перзентханада бірден беріледі

05.07.2023

Енді жаңа туған нәрестеге жеке сәйкестендіру нөмірі перзентханада бірден беріледі.

Ішкі істер министрлігі пилоттық жобаны іске қосты. Бұған дейін балаға аталған нөмір ата-анасы туу туралы куәлік алуға өтініш жазғаннан кейін ғана берілетін. Енді Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі туу туралы медициналық куәлікті алғаннан кейін автоматты түрде баланың туу туралы актілік жазбасын жасайды. Бала тууға байланысты және бала күтіміне байланысты бірқатар әлеуметтік төлем сынды мемлекеттік қызметтер автоматты түрде көрсетіледі. Сонымен қатар жүйе баланың тегі, аты және әкесінің аты туралы мәліметтерді беру туралы анасына SMS-хабарлама жібереді. Деректер алынғаннан кейін туу туралы куәлік әзірленеді.



Хабарламаларға жазылу