Атырауда жаңа туған шақалақты далаға тастап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жаңа туған шақалақты далаға тастап кеткен

16.01.2020

Атырауда жергілікті тұрғын жаңа туған шақалақты жылу құбыры маңынан тауып алды. Денесін әбден суық қарыған сәбиді дереу пәтеріне апарып, жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Нәрестеге бірден медициналық көмек көрсетілді. Қыз баланың бойы 50 см, салмағы 3 келіден асады. Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды. Анасы әлі табылған жоқ.  

Жандос ТЕМІРҒАЛИ



Хабарламаларға жазылу