Қасым-Жомарт Тоқаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасын қабылдады

03.07.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады. Мемлекет басшысына заман талабына сай дәрігерлерді даярлау үшін Қордың жүзеге асырып жатқан шаралары туралы баяндады.

Сондай-ақ Юрий Пя медициналық білім беру ісін жетілдіру перспективалары туралы көзқарасымен бөлісті. Кездесу барысында отандық денсаулық сақтау жүйесінің түйткілді мәселелері, медициналық көмек көрсету сапасын арттыру шаралары талқыланды.

Хабарламаларға жазылу