Тоқаев «Самұрық-Қазынаның» жаңа төрағасына бірқатар тапсырма берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев «Самұрық-Қазынаның» жаңа төрағасына бірқатар тапсырма берді

02.04.2021

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасын қабылдады. Алмасадам Сәтқалиев Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы мен қордың жалпы жұмысы туралы баяндады. Сондай-ақ, «жасыл экономиканы» дамытуға арналған жаңа құрылыс нысандары мен қор активтерін жекешелендіру мәселесі жөнінде айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының стратегиялық дамуына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу