Қасым-Жомарт Тоқаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасын қабылдады

19.04.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасын қабылдады. Мемлекет басшысына корпоративтік қор жұмысының нәтижелері мен жетістіктері және осы инновациялық медициналық орталықтың даму перспективалары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, Юрий Пя Президентке Назарбаев университетіне қарасты медициналық мектеп жанынан Академиялық медициналық орталық ашу жоспарын айтты. Оның пікірінше, мұндай орталықтың ашылуы клиникалық білім беру деңгейін көтеруге және оны халықаралық стандартқа сәйкестендіруге мүмкіндік береді. 

Хабарламаларға жазылу