Астанадағы оңалту орталығының қызметкері квота үшін ата-аналардан ақша алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы оңалту орталығының қызметкері квота үшін ата-аналардан ақша алған

26.12.2022

Астанадағы «University Medical Center» балаларды оңалту Ұлттық орталығының қызметкері квота үшін ата-аналардан 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін алып отырған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Балаларды оңалту үшін берілетін квоталарды үлестіру барысында ашықтық жоқ екені жайлы Денсаулық сақтау министрлігіне ескерту жасалған. Бұл -азаматтардың құқығын бұзады. Ведомство «University Medical Center» орталығында жемқорлық әрекеттің орын алғаны туралы айтқан балалар омбудсмені Аружан Саиннің сөзін растап отыр. Жақын күндері ерекше балалар үшін қолжетімді электронды кезек ұйымдастырылады. Егер сізден осы қызмет үшін ақша талап ететін болса Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне 1424 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу