Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады. Мемлекет басшысына заман талабына сай дәрігерлерді даярлау үшін Қордың жүзеге асырып жатқан шаралары туралы баяндады.
Сондай-ақ Юрий Пя медициналық білім беру ісін жетілдіру перспективалары туралы көзқарасымен бөлісті. Кездесу барысында отандық денсаулық сақтау жүйесінің түйткілді мәселелері, медициналық көмек көрсету сапасын арттыру шаралары талқыланды.