Шымкент қаласындағы кәріз жүйелері мен жылу өндіру желілерінің тозуы «қызыл деңгейге» жеткендіктен апат қауіпін тудырып отыр. Бүгінгі таңда кәріз құбырларының 77 пайызы жарамсыз күйде болса, жылу өндіру құралдарының 60 пайызы ескі. Сондай-ақ су құбырларының жартысы жарамсыз деуге болады.
Мегаполисте халық санының көбеюі және іргелес елді мекендердің қалаға қосылуы, әсіресе кәріз жүйесі мәселесін күрделендіріп жіберді. Жүйеге шаһар аумағының жартысы ғана жалғанған. Оның өзінде құбырлар әбден тозған. Мамандар коммуналдық қызмет түрлерінің тарифін күштеп ұстап тұру жағдайды жақсарта алмай деп отыр. Осыған байланысты Президент тапсырмасына сәйкес «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты аясында алдағы 2029 жылға дейін инфрақұрылым желілерінің тозуын 15 пайызға төмендету көзделді.
Ғани Қалмаханов