Шахандағы апат болған үйге қазандық орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахандағы апат болған үйге қазандық орнатылды

07.01.2017
Бүгін Қарағанды облысы Шахан ауылындағы апат болған үйге қуаты 400 киловатт болатын модульдік қазандық орнатылды. Қондырғы арнайы алаңға орналастырылған. Үйдің 4 кіре берісіне де электр желісі тартылды. Қазіргі уақытта бір бөлігі опырылып түскен үйдің жылу, су және кәріз жүйелері қалыпқа келтіріліп жатыр. Жұмыстар ертең толығымен аяқталмақ.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа Шахан кентіндегі атқарылып жатқан жұмыстар жайында есеп берді. Премьер-Министр жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу