Елімізде биылғы жылу маусымына дайындық қалай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде биылғы жылу маусымына дайындық қалай

19.09.2021

Жылу маусымына дайындық. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы тұралап тұрғанда қысқа дайын отыру жұмсартып айтқанда, оңай емес. Инженерлік желілер, станциялар әбден тозған. Оларды жамап-жасқаумен жүр. Екінші жағынан, өзімізде өндірілсе де көмір қымбат. Тапшылық та туып жатады. Ал газ келіп тұрған қалалардың өзінде үй-үйге жеткізу проблемасы бар. Үкімет «бақылауда» дегенімен апат қаупі, басқа да проблемалар «бұрқ» етуі мүмкін екенін білеміз.

Иә, қыстыгүні станциялар мен құбырлар жарылмасын, бағаналар құламасын. Судың, жарықтың жаздыгүні өшкені оның қасында «аздаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз» деп әнебір хабарландыруда жазылатындай болып қалады. Бірақ «Қабат-қабат киініп, бүрсеңдеп отырмыз» деген сипаттағы репортаждар жылда көп қаладан дайындалады... Амангелді Сейітханның материалы.



Хабарламаларға жазылу