«Туған елге саяхат» балалар туристік пойызы жолға шықты. Онда 10-15 жас аралығындағы 600 бала бар. Оның басым бөлігі «Өз өңірімді өркендеткім келеді» шығармашылық байқауының жеңімпаздары. Енді жеткіншектер осы пойызбен Байқоңырдан бастап Түркістан, Алматы, Бурабай, Алакөл сияқты көрікті жерлерді аралап, тегін саяхаттап қайтады. Сапар бір айға жоспарланған.
Айта кетейік, «Туған елге саяхат» жобасы «Самұрық-Қазына» компаниясы мен Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демография комиссиясының қолдауымен жүзеге асуда.
Ләззат Сүлейменова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері комиссиясы төрағасының орынбасары:
Балаларымызға ақ жол тілейміз. Мұндай бастамаларды жергілікті әкімдіктер, жергілікті кәсіпкерлер бәрі де қолдауы керек. Өйткені балаларымыз бір ауданда тұрып, сол ауданның тарихи ескерткіштерін білмейтін жағдай қазір көп.
Досжан Маратұлы