Орманшы Саят Нұржігітовті жақындары ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орманшы Саят Нұржігітовті жақындары ақтық сапарға шығарып салды

12.06.2023

Өрт кезінде қаза тапқан орманшы Саят Нұржігітовті бүгін ауылында ақтық сапарға шығарып салды.

Орман шаруашылығында 30 жыл еңбек еткен маманның артында екі ұл, бір қызы қалды. Биыл 51 жасқа толар еді. Ол өрт басталған күні алғашқылардың бірі болып тілсіз жауды өзінің 13 әріптесімен бірге сөндіруге барған. Бородулиха ауылында өткен жаназа рәсіміне марқұмның туғандары мен әріптестері, ауылдастары жиналды. «Өзінің бар ғұмырын орман шаруашылығына арнаған Саят Нұржігітов қызметіне адал, үлгі тұтарлық азамат болды. Табиғатты қорғауға барын салған, білікті маман еді» деп ауылдастары мен әріптестері қимастықпен еске алады.

Гүлсара Баймағанбетова, Орманшылар кәсіподағы ұйымының төрайымы:

Халық болып қабырғамыз қайысып отыр, осындай ауыр хабарды естіген халқымыз есін жинай алмай жатыр. Осындай азаматтарымызды ортадан жұлып алып, жаназасына жиналып отырмыз. Ата-аналарына қайғырып көңіл айтамыз.


Хабарламаларға жазылу