Абай облысындағы Бұлақ ауылының тұрғындары эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысындағы Бұлақ ауылының тұрғындары эвакуацияланды

12.06.2023

Семейдің іргесіндегі Бұлақ ауылынан 80-ге жуық тұрғын эвакуацияланды. Қарағайлы ормандағы қалың өрттің салдарынан елдімекенді қою түтін басқан. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін олар түгелдей қаладағы арнайы дайындалған эвакуация пунктіне жеткізілді. Осыған дейін Озерки ауылдық округіне қарасты Талица, Поливинки, Каштак ауылдарынан 69 адам көшірілген. Олардың 24-і бала. Қазір бос қалған елді мекендерге полиция бекеті қойылып, ол бағыттарға баратын жолдар түгел жабылған.

Биғайша Есекеева, Бұлақ ауылының тұрғыны: 

«Өртеніп жатыр, өрт бері қарай келе жатыр», - деді. Иіс тиюі мүмкін екенін айтты. Мал да бәрі қалды.

 Нұржан Ахметқалиев, облыстық Білім басқармасының басшысы: 

Тұрғындар ең алғашқы көмекпен, ыстық тамақпен жәрдем көрсетті. Балалардың жағдайы жасалып отыр. Қазіргі таңда медицина қызметкерлері, Ішкі істер оргондарының қызметкерлері кезекшілік атқаруда.

Еске салайық, түнде Абай облысының Шүлбі-Новошүлбі тас жолы жабылды. Өйткені бұл аралықта қою түтіннің салдарынан жол көрінбей, жол қозғалысына қауіп төнген.


Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу