Абай облысындағы Шұғылбай ауылының тұрғындары мәдениет үйін салып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысындағы Шұғылбай ауылының тұрғындары мәдениет үйін салып алды

05.10.2022

Абай облысындағы Шұғылбай ауылында тұрғындар мемлекетке алақан жаймай, өз қаржыларына мәдениет үйін салып алды. 400-ден астам тұрғыны бар елді мекенде осыған дейін мереке, мәдени шаралар өткізетін орын болмаған. Ауылдағы шаруа қожалықтары мен тұрғындар бастама көтеріп,12 миллион теңге қаржы жинап, қирап жатқан ғимаратты жөндеді. Шұғылбайлықтар Мәдениет үйінің шымылдығын айтыспен ашты. От ауыз, орақ тілді ақындар жырдан шашу шашты.

Әсет Айдарбеков, ауыл тұрғыны:

Алты ай жаз осы құрылысын салдық. Аудандық Мәдениет үйіне тапсырдық. Мәдениет үйі, ошағы көптен бері жоқ еді, ашылып халықтың қуанышында шек жоқ.

Гүлнәр Күниязова, ауыл тұрғыны:

Мынадай үлкен зәулім мекеме ашылғанына өте қуанышты барлық халық. Барлығы осыған ат салысты. Барлығына, азаматтарға, барлық ауыл тұрғындарына, жан жақтағы Қазақстанның қай қаласында жүрсе де, өзінің ауылым, елім деген азаматтар мен азаматшаларға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу