Еліміз бойынша «Ең үздік мемлекеттік қызметшілер» анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша «Ең үздік мемлекеттік қызметшілер» анықталды

20.06.2018

Осымен екінші рет ұйымдастырылған республикалық байқауға 454 адам өтініш берген. Олардың ішінен 189 үміткер іріктелді. Қорытынды кезеңде 20 жеңімпаздың есімі белгілі болды. Үздік қызметкерлер 22 маусым күні Астанада салтанатты жағдайда марапатталады. Байқаудың ең жас жеңімпазы – 24-те, ал, ең үлкені - 53 жаста. Бүгінде елімізде 92 мың мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Айта кетейік, 23 маусым - олардың төл мерекесі.

Айгүл Шайымова, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

- Олар бірнеше этаптан өтті. Бірінші, эссе жазды, содан кейін тест тапсырды. Тест барысында олардың мемлекеттік-стратегиялық құжаттарды білу деңгейін анықтадық. Әңгімелесу өткеннен кейін жергілікті жерде, республикалық комиссияның отырысында интервьюдан өтті.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу