Астанада боччадан республикалық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада боччадан республикалық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті

01.06.2023

Астанада боччадан республикалық чемпионаттың ашылу салтанты өтті. Төрт күнге созылатын жарыс екінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған 15 облыстан 50-ге жуық спортшы қатысады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың додасында үздік шыққандар ұлттық құрамаға кіреді. Халықаралық жарыстарға қатысуға да мүмкіндік алады. Бочча - тірек-қозғалыс аппаратының ақауы бар балалар мен ересектердің өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік беретін паралимпиадалық спорт түрі. Шараны Сенат төрағасы, Қазақстан Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Бүгін шынайы спорттың мерекесі, спорттың мейрамы деп ауыз толтырып айта аламыз. Қазақстанда біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, ерекше сұранысы бар балаларды қорғау үшін, қолдау үшін көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу