Арменияда мыңдаған адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арменияда мыңдаған адам шеруге шықты

22.05.2023

Арменияда мыңдаған адам Таулы Қарабаққа апаратын жолды блокададан босатуды талап етті. Өткен айда Баку Қарабақты Армениямен байланыстыратын жалғыз ғана жол Лашын дәлізіне тексеру-өткізу пунктін орнатқан. Бакудың мәлімдеуінше, бұл пост Қарабаққа қару кіргізбеу үшін қойылды. Алайда Ереван арсенал тасымалданғанын жоққа шығарып, Қарабақтағы 120 мың армянмен байланысты қалпына келтіруді талап етіп отыр. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Армения мен Әзербайжан басшылары Ресей президентінің арағайындығымен мамырдың 25-де Мәскеуде бейбіт келіссөз өткізуге келісті.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу