Аргентинада мыңдаған адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада мыңдаған адам шеруге шықты

18.08.2022

Демонстранттардың басты талабы – жалақыны көтеру, жұмыссыздар мен кедейлерге жәрдемақыны көбейту. Олар билікті сыртқы қарыздарға жұмсалып жатқан ақшаны елдің ең кедей топтарына бөлуге үндеді. Шеруді кәсіподақтар мен солшыл қозғалыс өкілдері ұйымдастырған. Айта кетсек, Аргентина экономикасы қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Өткен айда инфляция соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен. Ал наурызда ел үкіметі Халықаралық валюта қорымен 44 млрд доллардай қарызды қайта құрылымдау туралы келісімге қол қойды. Оның ішінде инфляцияны төмендету мақсаты да бар.

Хабарламаларға жазылу